Наши партнеры
Компания туралы
INSEL компаниясының ерекшеліктері:

INSEL компаниясының ерекшеліктері:

  • Кәсіпқойлық
  • Жауапкершілік
  • Шығармашылық
  • Сапа
  • Жеделдік әрі тиімділік
  • Клиент сұранысын орындаудың кешенді тәсілін қолдану
  • Ойға қонымды бағалар
  • Бірізділік пен тұрақтылық

Біз аударма бойынша жай ғана жоғары сапалы қызметтерді ұсынып қана қоймаймыз, сонымен бірге компаниялардың – біздің тапсырыс берушілеріміздің дамуының және өркендеуінің барлық кезеңінде қызметіне толық қолдау көрсетеміз. Корпоративтік клиенттердің көптеген жобаларының қызметін және ағымдағы жұмыстарын, мысалы іскерлік құжаттаманы немесе хат алысуды аударуды көп тілде ілестірумен ұзақ мерзімді ынтымақтасуды кеңінен жүзеге асырып келеміз.

Адалдық және кәсіпқойлық

Біз үшін сіздің компанияңыздың қызмет ауқымы, тапсырыстың көлемі және күрделілігі маңызды емес. Біз әрбір жұмысқа зор жауапкершілікпен қараймыз. Біз үшін әрбір клиент: жеке кәсіпкерлерден мемлекеттік холдингтер мен халықаралық ұйымдарға дейін бағалы. Олардың барлығына ұстаным жалғыз: – кәсіпқойлық, сауаттылық және жеделдік.

INSEL сандық көрсеткіштері:

  • 16 жылдан астам жұмыс
  • 0,5 миллион беттен астам аударма
  • Жылына 100 000 бетке жуық аударма
  • 5000 астам клиент-компания, олардың ішінде 900 ірі компания біздің тұрақты клиенттеріміз

INSEL компаниясы Америка Аудармашылар Қауымдастығының (АТА) және оның келесі бөлімшелерінің мүшесі болып табылады:

German Language Division (GLD), Medical Division (MD), TSD Member, Translation Company Division (TCD), French Language Division (FLD), Slavic Languages Division (SLD), Japanese Language Division (JLD), Chinese Language Division (CLD).

whatsapp