«INSEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БІЗДІҢ клиенттерімізге ұсынылатын артықшылықтар:
- мол жұмыс тәжірибесі - біз аударма нарығында 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеміз;
- аударманың бір бетінің құны белгілер бойынша БОС ОРЫНДАР ЕСЕПКЕ АЛЫНБАЙ есептеледі: бір бет - 1800 белгі. Басқа аударма компанияларында аударманың бір бетінің құны бос орындармен қоса есептеледі, яғни Сіз БОС ОРЫННЫҢ ақысын төлеуге мәжбүр боласыз!
- аударма мәтіннің ең арзан құны –1800 белгі үшін БОС ОРЫНДАРСЫЗ ҚҚС ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ 1900 теңге. Өзге компанияларда аударма мәтіннің ең арзан құны - 1800 белгі үшін БОС ОРЫНДАРМЕН ҚҚС ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ 1700 теңге. Бұл Сіз бағасы арзан болып көрінгенімен, бір мәтін үшін басқа компанияға бізге қарағанда көбірек ақша төлейсіз деген сөз. Мысалы, БОС ОРЫНДАРСЫЗ көлемі 23713 БЕЛГІ және БОС ОРЫНДАРМЕН 27128 БЕЛГІ мәтіннің аудармасы үшін Сіз бізге ҚҚС ҚОСА ЕСЕПТЕГЕНДЕ 25080 теңге, ал басқа компанияға ҚҚС ҚОСА ЕСЕПТЕМЕГЕНДЕ 25670 теңге төлейтін боласыз.
- біздің бағаларға ілеспе шығындардың барлығы кіреді. Басқа компаниялардың жарнамасындағы бағалар соңғы емес. Бұл клиентті өзіне қарай тартудың амалы ғана. Алайда клиент түбінде көбірек ақша төлейтінін (аударманың бір бетіне есептегенде) білмейді.
- біз аударманы нотариатты түрде тегін куәландырамыз (аударылған құжаттың бір данасы). Басқа компанияларда мұндай қызмет үшін Сізге 2000 теңгеден 3000 теңгеге дейін төлеуге тура келеді.
Компанияның директоры әрі құрылтайшысы:
Хаиржанова Альфия Ишмухамедовна
Бастапқыда INSEL компаниясы Жабық Акционерлік қоғам нысанында 1994 жылдың қаңтарында тұңғыш рет тіркелді. Содан кейін ұйымдық-құқықтық нысанын ауыстыруына байланысты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Әділет басқармасында 1998 жылдың 23 маусымында «INSEL» ЖШС болып тіркелді /№ 20035-1910- ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 23.06.1998 жылы берілді .