Наши партнеры
Бос жұмыс орындары

INSEL компаниясында жұмыс істеу – бұл Қазақстандағы аударма ұйымдарының арасында көшбасшы орнын өз компаниясына қамтамасыз ететін кәсіпқойлар тобында жұмыс істеу мүмкіндігі.

INSEL – бұл:

  • болашаққа ұмтылатын, бірақ өз дәстүрлерін қадір тұтатын көп жылдық тарихы бар компания;
  • жаңа технологиялар және ұдайы толықтырылатын білім базасы;
  • қуатты, ашық, жас әрі тату ұжым – бізде жұмыс істеген қызық және жайлы, біз қызметкерлеріміздің ықыластары мен хоббиін қуана қуаттаймыз.

Талпынушылардың бойынан келесілерді күтеміз және қызметкерлеріміздің бойындағы келесі қасиеттерді бағалаймыз:

  • жауапкершілік;
  • кәсібилілік;
  • нәтижеге көзделу;
  • ашықтық және жаңаны білуге дайын болу.


Біз ынтымақтасудың тиімді шарттарын ұсынамыз:

  • Қызықты, тұрақты жұмыс, оқу және кәсіби даму.
  • Бәсекелестікке қабілетті, тұрақты еңбек ақысы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

Бос жұмыс орнына орналасуға қатысты байқауға қатысу үшін компанияның кеңсесінде тест аударманы орындау міндетті шарт болып табылады. Тест жұмыстарына ақы төленбейді. Тестілер INSEL компаниясында стандартты болып табылады және аудармашылардың кәсіби деңгейін бағалау үшін ғана пайдаланылады.

Аудармашы (Орыс-қазақ тілінің аудармасы)

Үміткерлерге қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоғары лингвистикалық білім;
  • Қазақ және орыс тілдерін жетік білу;
  • Мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл;
  • Техникалық тақырыптар бойынша аударма тәжірибесіне ерекше қолдау көрсетіледі;
  • ДК пайдаланушысы: MS Office, Internet.

Аудармашы (Ағылшын-қазақ тілінің аудармасы)

Үміткерлерге қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоғары лингвистикалық білім;
  • Қазақ және ағылшын тілдерін жетік білу;
  • Мәтіндерді қазақ тіліне және орыс тіліне /орыс тілінен және қазақ тілінен жазбаша аудару тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл;
  • Техникалық тақырыптар бойынша аударма тәжірибесіне ерекше қолдау көрсетіледі;
  • ДК пайдаланушысы: MS Office, Internet.

Аудармашы (Орыс-ағылшын тілінің аудармашысы)

Үміткерлерге қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоғары лингвистикалық білім;
  • Ағылшын және орыс тілдерін жетік білу;
  • Мәтіндерді ағылшын және орыс тіліне /орыс тілінен және ағылшын тіліне жазбаша аудару тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл;
  • Медициналық тақырыптар бойынша аударма тәжірибесіне ерекше қолдау көрсетіледі;
  • ДК пайдаланушысы: MS Office, Internet.

Қызмет саласы: Денсаулық сақтау

Мамандануы: техникалық/маркетингтік емес мәтіндер.

«Медицина» тақырыбы бойынша техникалық және маркетингтік емес мәтіндерді аудару. Мысалы, ауру тарихынан үзінді көшірме, фармацевтикалық препараттардың таныстырылуы, БАҚ мақалалары (жалпы денсаулық сақтау, фармакология, зерттеулер), фармацевтикалық препараттарға жарнамалық бүктемелердің мәтіні.

Үміткерлерге қойылатын міндетті талаптар:

  • Жоғары медициналық/лингвистикалық білім.
  • Ағылшын тілін жақсы меңгеру.
  • Мәлімделген тақырыпты терең білу, қызмет саласының ерекшелігін түсіну.
  • Ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне техникалық және маркетингтік емес мәтіндерді жазбаша аудару тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл.
  • Сауатты орыс тілі.
  • Ізденуге және тапсырыс берушінің талабын орындауға дайындығы.

Сіздің резюмеңізді күтеміз