Наши партнеры
Компания туралы

«INSEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Компанияның директоры әрі құрылтайшысы: Хаиржанова Альфия Ишмухамедовна

Бастапқыда INSEL компаниясы Жабық Акционерлік қоғам нысанында 1994 жылдың қаңтарында тұңғыш рет тіркелді. Содан кейін ұйымдық-құқықтық нысанын ауыстыруына байланысты Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Әділет басқармасында 1998 жылдың 23 маусымында «INSEL» ЖШС болып тіркелді /№ 20035-1910- ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, 23.06.1998 жылы берілді/.

Біздің компания – Қазақстан Республикасындағы аударма қызметтерінің нарығындағы алғашқылардың бірі болды. Бүгінгі таңда INSEL өз саласындағы көшбасшы компания атанды. Біздің табысты жұмысымыздың көрсеткіші ең талғампаз клиенттеріміздің берген жоғары бағасы мен республикамызда ғана емес, одан тысқары орналасқан клиенттеріміздің оң лебізі болып табылады. Өз ісінің қас шеберлері ретінде біз ең қысқа уақыт ішінде сапалы, білікті аудармаларды қамтамасыз етуге тырысамыз.  

Компанияның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шетелдердегі заңды және жеке тұлғаларға заң және аудармаға қатысты қызмет көрсету сапасын тұрақты жетілдіру болып табылады. Заң және лингвистикалық қолдау қызметтері әлемдік талаптар мен стандарттардың деңгейінде жүзеге асырылады. Ұсынылатын қызметтер сапасын үздіксіз арттыру және олардың Тапсырысшылардың кең аясы үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысты ұйымдастыруды ретке келтіру, қызметкерлер біліктілігін үнемі арттыру әрі компанияның техникалық базасын жандандыру есебінен жүзеге асырылады.  

Біздің компаниямызда біліктілігі жоғары мамандар қызмет етеді. Қазіргі уақытта компанияның штаттық құрамында – 50 астам аудармашы, 3 заңгер жұмыс істейді. Компаниямызда редактор, ана тілі ағылшын тілі болып табылатын,  Кембридж Университетінің түлегі жұмыс істейді. Барлық аудармашылар, редакторлар және корректорлар өз саласының нағыз арнайы мамандары болып табылады және аударма жұмысында үлкен тәжірибеге, сонымен қатар арнайы білімге ие.

Сонымен қоса, кеңсемізде тұрақты түрде екі нотариус жұмыс істейді.  Оған қосымша, біз Алматы қаласының нотариустерімен етене жұмыс жасап келеміз, оларда құжаттардың көп бөлігін куәландырамыз. Біз өз аудармаларымызды "INSEL" ЖШС мөрлерімен немесе нотариаттық куәландырып қана қоймаймыз, сонымен бірге клиенттің өтініші бойынша құжаттарды, олардың түпнұсқаларын және аудармаларын апостилдендіру тәртібіне байланысты Астана немесе Алматы қаласында апостилдейміз, сонымен қатар ҚР СІМ-де құжаттарды заңдастырамыз.

Бізбен жер шарының алуан түрлі нүктесінен жұмыс істеуге болады. Біздің мықты дамыған техникалық базамыз бар, қажет болған жағдайда біз өз клиенттерімізге кез келген заманауи байланыс құралдарымен қолдау көрсете аламыз.