Наши партнеры
Компания туралы
Құпиялық

Жеке ақпараттың құпиялылығын қорғауға қатысты саясат

Құпиялылық шарттары

Біздің компания тапсырыстары негізінен құпия сипатқа ие көптеген мемлекеттік мекемелермен, халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік холдингтермен, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келеді.
«INSEL» компаниясы алдын ала келіссөздер жүргізу барысында да, сондай-ақ тікелей кәсіби қызмет ету кезеңінде де ақпараттың құпиялылығының сақталуына кепілдік береді. Біздің компаниямызда кәсіби қызметті атқару кезінде алынған мәліметтердің құпиялығын сақтау саясаты қалыптасқан.

Компанияда қолданылатын құпиялылық саясаты аудармаға берілетін құжаттардың түпнұсқасы мен дайын аудармаларынан бастап, клиенттердің жеке деректеріне дейін, қызметінің барлық салаларына қатысты. Түпкілікті өнім ( құжаттың аудармасы) - клиенттердің меншігі болып табылады, ол өз кезегінде заңмен қорғалады.

"INSEL" компаниясы сіздің деректеріңізді тиісті түрде сақталуын, жария етілмеуін және осы деректерді компаниялардан алынған уәкілеттіктерді қоспағанда, өзге мақсаттарда пайдаланылмауын кепілдейді.
«INSEL» компаниясы ақпаратты заң негізінде орындауға міндетті болатын жағдайда ғана береді.

«INSEL» компаниясы сіздің деректеріңізді үшінші тарапқа, оның өз мақсаттарында пайдалануы үшін сатпайды немесе бермейді.

Сіздің тапсырысыңызды өңдеу, шотымызды беру немесе алаяқтықтың алдын алу, не болмаса алаяқтықпен күресу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, «INSEL» компаниясы сізден алынған ешбір ақпаратты басқа тарапқа бермейді.

Сіз берген ақпаратты қорғау

«INSEL» компаниясы сіздің ақпаратыңызды қорғаудың барлық мүмкін техникалық тәсілдерін пайдаланады.

Сіздің құқықтарыңыз

Аударма жұмыстары аяқталған соң және дайын аударманы алған соң, сіз ақпаратты жоя аласыз немесе кейіннен оларға өзгерту немесе толықтыру енгізу үшін компания базасында сақтауыңызға болады. Аударма процессінде қолданылған барлық ақпарат аудармашылардың тапсырыс берушілермен бірлесіп жасаған терминологиялық глоссарийлерін қоспағанда, толығымен клиентке қайтарылады. Тапсырыс берушілердің келісімімен аталған глоссарийлер осы клиенттің жобаларын іске асыру процессінде қолданылатын, компания базасында қалуы мүмкін.

Егер деректеріңізді пайдалануға қатысты алаңдаушылық білдірсеңіз, бізге хабарлаңыз, біз құпиялылықты қамтамасыз ету үшін қажетті барлық әрекетті жасаймыз.

whatsapp