Аударма көлемдерін өлшеу бірлігі 1800 баспа таңбаларынан (бос орындар мен тыныс белгілерімен қоса) тұратын, стандартты бет болып табылады. Егер құжат аударма үшін электронды түрде ұсынылса, мәтін көлемін анықтау қиынға соқпайды – мәтін туралы, соның ішінде ондағы таңбалар туралы статистикалық деректер кез келген мәтіндік редакторда (Open Office, MS Word және т.б.) болады. Бұл үшін мәтінді бағдарламасының көмегімен ашыңыз да, «Сервис» мәзіріндегі, «Статистика» шағын мәзірі тармағын таңдаңыз. Мәтіннің нормативті аударма беттерінің санын анықтау үшін, «Таңбалар» (бос орындарымен) санын 1800 (бос орындары бар 1800 таңба – бұл нормативті бет) бөлу қажет. Тек жазуында иероглифтер қолданылатын тілдерге жасалатын аудармалар ғана басқа әдіспен саналады. Қытай тіліне аударма мәтінінің құны «таңбалардың» санын 3-ке көбейтіп, 1800-ге бөлу арқылы есептеледі.
Егер құжат pdf форматында немесе (беттер санын есептеу қиын болатын) басқа да пішімдерде болса, өз мәтініңізді толығымен жолдаңыз. Біз оларды мұқият қарап, Сізге дәл есебін береміз. Аударманың нақты құны аударма орындалған соң белгілі болады.