Компаниямыздың келесі қаржы құжаттар түрлерін аударуда тәжірибесі мол:
- Аудиторлық есептер
- Баланстық есептер
- Бизнес-жоспарлар
- Веб-сайттар
- Инвесторлармен өзара қарым-қатынастар
- Жылдық есептер
- Шарттар
- Баяндамалық жазбалар
- Банкроттыққа байланысты құжаттар
- Бағалы қағаздарды жабық және ашық орналастыру
- Акционерлермен қарым-қатынас
- Шоғырландырылған есептілік
- Маркетинг, жарнама
- Салық декларациялары
- Бағалы қағаздар бойынша Комиссияға арналған есептер
- Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер
- Компанияның табыстары туралы есептер
- Тұсаукесерлер
- Эмиссияның проспектілері
- Қаржылық есептілікті құру бойынша басшылық
- Сәйкестік сертификаттары
- Қосылу, сатып алу
- Сақтандыру құжаттамасы
- Жарғы, құрылтай құжаттары
Жыл сайын біз шарттардың аудармаларын, келісім-шарттардың және лицензиялық келісімдердің аудармаларын, инвестициялық және консалтингтік жобалардың, сонымен қатар жылдық және тоқсандық есептердің аудармаларын жүзеге асыра отырып, осындай құжаттаманың бірнеше мыңдаған бетін өңдейміз.
Компанияда шет тілдерін жетік меңгерген, әрі юриспруденция мен қаржы саласының қыр-сырын білетін мамандардың арнайы тобы жұмыс жасайды. Бұл мамандар тобы тек қаржылық және заң аудармасымен ғана айналысады.
Іскерлік құжаттаманың ресми іскерлік аудармасы компания қызметінің барлық саласына қатысты: маркетинг және жарнама, қызметкерлермен жұмыс істеу және басқару, қаржылық және реттеуші қызмет, дилерлермен және серіктестермен жұмыс істеу, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас, әлеуметтік қызмет және филантропия және т.б.
Іскерлік құжаттама аудармасы іскерлік хат-хабарды аударуды, іскерлік хатты немесе компанияның кез келген ресми құжаттарын аударуды қамтиды. Жазбаша аудару процесі келесі негізгі операцияларды қамтиды:
- Беттеу
- Түзетулер енгізу
- Корректура
- Ғылыми редакциялау
- Техникалық құралдармен сапаны ресми бақылау