Наши партнеры
Аударма қызметтері
Заң саласындағы аударма

Ең алдымен, заң саласындағы аударма – бұл құқықтық өзара қарым-қатынастарды реттейтін құжаттардың мамандандырылған аудармасы. Оның ерекшелігі аудармадағы кез келген қате немесе бұрмалау күрделі құқықтық салдарға әкеліп соғуы ықтималдығында. Дәл осы себептен заң құжаттарын аударумен айналысатын INSEL компаниясының барлық мамандарының осы бағыттағы жұмыс тәжірибесі мол және олардың жұмысы осы аударма саласындағы халықаралық стандарттарға анық сәйкес келеді.

Біздің клиенттеріміз біздің аударған барлық құжаттардың дәлдігіне және заңнамаға толық сәйкестігіне сенімді бола алады.

Заң құжаттарының жазбаша аудармасының (заң саласындағы аударма) құжаттармен жұмыс істеу кезінде ескерілуі тиісті өзіне тән ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл стандартты нысанды және аударманың тұрақты сөз тіркестерін сақтау. Көптеген заң саласының сөздері бірдей түсіндірмеге ие және шет тіліне аударудың стандартты нысандарын талап етеді. Осыны әрбір әрпі заңға сәйкес келуі тиіс жеке құжаттарды аударғанда, сонымен қатар қаржы құжаттарын аударғанда ескеру керек. Аударма компаниясына қаржы құжаттарын аударуды сеніп тапсырып, аудармашы тұжырымдамаларының дәлдігіне және заңға сәйкестігіне клиенттің елеулі ақша қаражаты байланысты болатындығын есте сақтау керек.

Көбінесе қаржы секторының кәсіпорындарында шетелдік клиенттер мен инвесторларға өз портфолиосын ұсыну қажеттілігі туындайды. Бизнес өкілдері, инвесторлар, клиенттер мен жеткізімшілер үшін аудармада барлық қаржы деректерінің егжей-тегжейінің ескерілуі өте маңызды. «INSEL» компаниясының саясаты заң саласындағы құжаттарды аударуға тек юриспруденция саласында қосымша білімі бар жоғары деңгейдегі аудармашы-мамандардың ғана тартылуына негізделеді. Мәтінді жұмыс істейтін кәсіби заңгер міндетті түрде редакциялайды.

whatsapp