Наши партнеры
Аударма қызметтері
Мұнай-газ саласы

Техникалық аударма, яғни күрделі, ірі ауқымды және ұзақ жобаларды жүзеге асырумен байланысты құжаттаманың және материалдардың үлкен көлемдерін аудару. Осы бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыру кезінде біз келесі технологияларды қолданамыз:

  • Жобаны зерттеу және техникалық аударманың сценарийін әзірлеу
  • Жоба менеджері, аудармашылар, ғылыми редакторлар, корректорлар, лексикографтар, беттеу мамандары және т.б. кіретін жоба бойынша жоба тобын құру.
  • Жобалық глоссарийлерді құру және қолдау, бұл әсіресе нақ техникалық аударма бойынша жобалар үшін маңызды.
  • Аудармалардың жады базасын басқару, мұрағаттарды жүргізу.

Мұнай-газ бағыты компанияның негізгі құзыретіне жатады. Бұл мұнай-газ тақырыбы бойынша кез келген сұраулар басым мәртебеге ие болатындығы есебінен қол жеткізіледі.

Осы тақырыппен жұмыс істейтін аудармашылар тобын құру аударма тақырыбына толығымен бағдарланған жұмыс процестерін құрудың тұңғыш тәжірибесі болып табылады. Қазіргі сәтте топ бизнес-қызметтің барлық кезеңінде тапсырыс берушілерді қолдау үшін барлық мүмкіндіктерге және қуатты әлеуетке ие, кез келген өзекті міндеттерді шешуге және кез келген сұрауларға шұғыл жауап беруге дайын.

Лингвистикалық қолдау төменде берілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

Іскерлік құжаттама:

  • іскерлік хат алысу;
  • сапа менеджментінің жүйесі бойынша құжаттар.
  • келісім-шарттар, келісім-шарттарға қосымшалар;
  • жиналыстардың хаттамалары;
  • іскерлік хат алысу;
  • тендерлік құжаттама;
  • қаржылық құжаттама.

Техникалық құжаттама:

  • геологиялық есептер;
  • жобаны орындау кезеңдері бойынша жылдық (ай сайынғы) есептер;
  • қауіпсіздік декларациялары;
  • техникалық деректердің парақтары;
  • жабдықтың сипаттамасы
  • жобалардың сипаттамасы
  • кен орындарын игеру/МӨЗ құрылысы бойынша жобалық және жұмыс құжаттамасы:
  • маманданымдар, нұсқаулықтар;
  • ACAD сызбалары және олардың редакциялары.

Тұсаукесерлер:

  • оқу бойынша;
  • қауіпсіздік техникасы бойынша;
  • жоба аясында жабдықтың әртүрлі типтерімен жұмыс істеу бойынша.

Жарнамалық материалдар:

  • кітапшалар;
  • БАҚ арналған материалдар;
  • тұсаукесерлер;
  • баспасөз-релиздері;
  • жарнамалық ұрандар мен роликтер;
  • сайттарға арналған мәтіндер.

Басқалары:

  • Ғылыми мақалалар, диссертациялар, аңдатпалар;
  • Нормативтік құжаттар (МСТ-тар, ҚНжЕ-лер және т.б.);
  • Жабдықты пайдалану жөніндегі басшылықтар;
  • Көркем және документалды фильмдер, әдеби туындылар.
whatsapp