Наши партнеры
Заң қызметтері
Филиалдар және өкілдіктер

Филиалдар және өкілдіктер – бұл заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері, олар заңды тұлға болып табылмайды, заңды тұлғаның орналасқан жерінен тыс орналасады және оның қызметтерінің барлығын немесе бір бөлігін, заңды тұлға мүдделерін қорғауды және өкілдігін жүзеге асырады, оның атынан мәмілелер және басқа құқықтық әрекеттер атқарады.

Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын/өкілдіктерін ашуда мол тәжірибеміз бар.

Сізден қажет:

  1. орыс және қазақ тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасымен өз елінде заңды тұлғаның тіркелуін растайтын куәліктердің (сауда тізілімінен алынған үзінді, тіркеу туралы куәлік және т.с.с.) және құрылтай құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері;
  2. орыс және қазақ тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасымен, Қазақстан Республикасында филиалды/өкілдікті құру туралы заңды тұлға-құрылтайшы органының шешімі;
  3. өкілеттіктердің шеңбері сипатталған филиал/өкілдік жетекшісіне берілген нотариаттық куәландырылған бас сенімхат, орыс және қазақ тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасымен қоса;
  4. басқа құжаттар.

Заңды тұлғаны-құрылтайшыны тіркеген елге байланысты құжаттар заңдастырылуы не болмаса апостилдендірілуі мүмкін.

whatsapp