Наши партнеры
Заң қызметтері
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Алдымен Сіз құрғыңыз келген субъектінің қандай кәсіпкерлікте – шағын, орта немесе ірі болатындығын анықтап алуыңыз қажет.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі – жұмыскерлерінің саны 50 адамнан аспайды, жылдық орташа кірісі 60 000 АЕК аспайды, орташа кәсіпкерлік субъектісі - жұмыскерлерінің саны 250 адамға жетеді, жылдық орташа кірісі 3 000 000 АЕК аспайды, ірі кәсіпкерлік субъектісі - жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады және/немесе жылдық орташа кірісі 3 000 000 АЕК асады.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі келесі қызмет түрлерімен айналысуға құқылы емес:

  • есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың айналымымен;
  • акциздік өнімдерді өндірумен және (немесе) көтерме сатумен байланысты қызмет;
  • нан қабылдау орындарында бидайды сақтау бойынша қызмет;
  • лотерея өткізу;
  • ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет;
  • мұнайды, мұнай өнімдерін, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша қызмет;
  • радиоактивті материалдардың айналымымен байланысты қызмет;
  • банк қызметі (не болмаса банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
  • аудиторлық қызмет;
  • бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет;
  • несие кеңселері қызметі;
  • күзет қызметі, азаматтық және қызметтік қару-жарақ және оқ-дәрі айналымымен байланысты қызмет.

Ең аз жарғылық капитал 100 теңгені (шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін) және қалғандары үшін 100 АЕК құрайды.

ЖШС құрылтайшылары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. ЖШС құру үшін Сізге келесілер қажет:

  1. ЖШС құрылтайшыларының және жетекшілерінің жеке куәліктерінің және ЖСН көшірмелері.
  2. Құрылатын ЖШС орналасқан жерін растайтын құжаттар.

Егер құрылтайшылардың құрамында заңды тұлға болса, келесілер қосымша қажет:

БСН көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.

ЖШС – шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу электронды өкіметтің egov.kz электронды порталы арқылы ғана жүргізіледі. Бұл үшін барлық құрылтайшылардың ЖСН/БСН және электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек.

whatsapp