Қор – мүшелікке ие емес коммерциялық емес ұйым, азаматтармен және/немесе заңды тұлғалармен құрылады, –қоғамға пайдалы мақсаттарды алға қояды. Қордың құрылтайшылары қордың мүлкіне мүліктік құқыққа ие емес. Қор ресми басылымдарда жыл сайын өз мүлкін пайдалану туралы есептерді жариялауға міндетті. Қорлар жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызмет ететін дәрежеде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады. Қорлардың кәсіпкерлік қызметінен келген табыстар қатысушылардың арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылуы тиіс.
Қорда қамқоршылық кеңестің болуы міндетті, ол қордың атқарушы органын тағайындайды, қор қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды, басқалай өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қоғамдық Қор кем дегенде екі құрылтайшының – бір жанұяның мүшелері болып табылмайтын жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктердің болуын шамалайды.
Қорлардың басқа түрлері де бар. Жеке меншік қор – бір жеке тұлғамен немесе жеке тұлғалармен – бір отбасының мүшелерімен оның (олардың) меншікті қаражаты есебінен құрылған қор. Корпоративтік қор – бір заңды тұлғамен немесе бірнеше заңды тұлғамен – коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдармен осы ұйымдардың қаражаты есебінен құрылған қор. Мемлекеттік қор – мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, өкімдік ету құқығы белгіленген тәртіпте берілген, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қор мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың шешімімен құрылған қор.
Сізден қор құрылтайшыларының және жетекшісінің жеке куәліктерінің көшірмелері қажет.