Наши партнеры
Заң қызметтері
Корпоративтік құқық

Келесі бағыттар бойынша бизнеске қызмет көрсету Компаниямыздың ең көп жұмыс атқарған саласының бірі болып табылады:

  • Қазақстанда, Алматы қаласында заңды тұлғаларды құру және тіркеу;
  • Бизнесті қайта құрылымдау (заңды тұлғаларды бөліп шығару, бөлу, қосу), заңды тұлғаларды сатып алу/сату;
  • Жарғылық капиаталдағы үлестерді меншіктен шығару шарттарын рәсімдеуге атсалысу;
  • Алматы қаласында заңды тұлғаларды қайта тіркеу ;
  • ЖК тіркеу.

Осы салада 10 жыл үздіксіз жұмыс істеу тәжірибесінде біздің заңгерлеріміз бен менеджерлеріміз осындай қызметтерді көрсету механизмін кемеліне жеткізуге тырысты.

Біздің заңгерлеріміз заңды тұлғаларды қайта тіркеу, қайта ұйымдастыру кезінде клиенттердің қасында болады, мына не басқа операцияны жүргізудің ыңғайлы схемасын таңдауға көмектеседі.

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары – бұл түрлі мемлекеттік органдарға ұсынылатын, құрылтайшының деректері бар жай ғана стандарт емес. Білікті маманмен заңды тұлғаның сауатты рәсімделген құрылтай құжаттары – бұл болашақта мәселелерді Сіздің пайдаңызға шешудің қуатты құралы, меншік иелерінің алтернативалары мен әрекет еркіндігі бар құрал.

Нотариус сұраған жеріңізге бара алады. ҚР Азаматтық заңнамасымен қарастырылған барлық ұйымдық-құқықтық нысандарда заңды тұлғаларды тіркеу жүргізіледі.

whatsapp