Заң қызметтері
Фирмаларды тарату
- Заңды тұлғаларды тарату;
- Филиалдарды және өкілдіктерді есептен алу.
Заңды тұлғаны тарату
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде (әрі қарай мәтін бойынша «ҚР АК») заңды тұлғаны тарату тәртібі және негіздемесі қарастырылған. ҚР АК 49-б. сәйкес заңды тұлғаны тарату негіздемелері келесілер:
- мүліктің меншік иесінің немесе меншік иесі өкілеттендірген органның шешімі, құрылтай шарттармен өкілеттенген заңды тұлға органының шешімі (ерікті тарату);
- соттың шешімі (банкрот жағдайында; құру кезінде жол берілген жойылмайтын сипатқа ие заңнама бұзушылыққа байланысты заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз деп тану; заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асыру; тиісті рұқсаты (лицензиясы) болмай қызметті, не болмаса заңнамалық актілермен тыйым салынған, не болмаса заңнаманы бірнеше рет немесе дөрекі бұзумен қызметті жүзеге асыру, соның ішінде заңмен белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жылдан соң корпоративтік табыс салығы (жиынтық жылдық табыс және жүргізілген шегеру) туралы декларацияны немесе жеңілдетілген декларацияны бермеу, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша болмауы, сонымен қатар құрылтайшылардың (қатысушылардың) және лауазымды тұлғалардың болмауы, оларсыз заңды тұлға бір жылда жұмыс істей алмайды; және заңнамалық актілермен қарастырылған басқа жағдайларда).
ҚР АК 50-бабында заңды тұлғаны таратудың келесі тәртібі қарастырылған:
- Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдауға уәкілетті орган тарату туралы шешім қабылдайды, соған сәйкес тарату комиссиясы тағайындалады және тарату тәртібі және мерзімі белгіленеді. Тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, тіркеу орны бойынша салық органына жазбаша дереу хабарлауы қажет.
Тарату комиссиясын тағайындаған сәттен оған заңды тұлғаның мүлкін және істерін басқару бойынша өкілеттік өтеді. Таратылатын заңды тұлғаның атынан тарату комиссиясы сотта көрінеді. - Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату туралы, сонымен қатар оның кредиторларының наразылық талаптарын қою мерзімі және тәртібі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми басылымдарында жариялайды («Юридическая газета»). Наразылық талаптарды қою мерзімі тарату туралы жарияланған сәттен екі айдан аз бола алмайды.
Тарату комиссиясы несиегерлерді айқындау және берешекті алу шараларын атқарады, сонымен қатар заңды тұлғаны тарату туралы несиегерлерге жазбаша мәлімдейді. - Несиегерлердің наразылық талаптарын ұсынуға арналған мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлға мүлкінің құрамы, несиегерлермен мәлімделген наразылық талаптардың тізімі, сонымен қатар оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтерден тұратын аралық тарату балансын құрады.
Аралық тарату балансын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бекітеді. - Егер таратылатын заңды тұлғада (мемлекеттік мекемелерден басқа) несиегерлердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақша жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіпте жария сату арқылы заңды тұлғаның мүлкін сатуды жүзеге асырады.
- Таратылатын заңды тұлғаның несиегерлеріне ақша төлеу аралық тарату балансына сәйкес оны бекіткен күннен бастап келесі тәртіпте жүреді:
- бірінше кезекте – тиісті мезгілді төлемдерді капиталдандыру арқылы жалақыдан және (немесе) басқалай табыстан ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі талаптар, сонымен қатар өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргендігі үшін таратылатын заңды тұлға жауапкершілік көтеретін азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
- екінші кезекте – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға еңбекақы және өтемақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу бойынша, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сонымен қатар авторлық шарттар бойынша сыйақылар бойынша есеп айырысу жүреді, бұған банкроттық мәселелерін реттейтін заңнамалық актіге сәйкес талаптар сомасының бөлігі бесінші кезекте қанағаттандырылатын жағдайлар жатпайды;
- үшінші кезекте – қамтамасыз ету сомасының шегінде таратылатын банкрот мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша несиегерлердің талаптары қанағаттандырылады, бұған ипотекалық тұрғын үй қарызының шарттары бойынша талап ету құқығының кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қосқанда) қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын, көрсетілген облигацияларға меншік құқығы олардың ұстаушыларында туындаған немесе мәмілелер бойынша, не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған басқа негіздер бойынша оларға өткен жағдайларда ұстаушы-несиегерлердің талаптары жатпайды;
- төртінше кезекте – салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;
- бесінші кезекте – заңнамалық актілерге сәйкес басқа несиегерлермен есеп айырысу жүреді.Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
- Несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бағытталады.
- Заңды тұлғаны тарату бұл туралы жазбаны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін аяқталған, ал заңды тұлға қызметін тоқтатқан болып саналады.