Наши партнеры
Заң қызметтері
Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі

Кәсіпкерлік қызметті үйлестіру, ортақ мүліктік және басқа мүдделерді ұсыну және қорғау мақсатында коммерциялық заңды тұлғалар өзара шарт бойынша, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп, қауымдастық (одақ) нысанында бірлестік құра алады. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастығына (одағына) ерікті түрде біріге алады. Қауымдастық (одақ) мүшелері өздерінің дербестігін және заңды тұлға құқықтарын сақтайды. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық (одақ) мүшелері оның міндеттемелері бойынша субсидиялы жауапкершілік көтереді. Егер құрылтай құжаттарымен басқалай қарастырылмаса, қауымдастықтың (одақтың) мүшелері өзінің қарауы бойынша қаржылық жыл аяқталысымен қауымдастықтан шығуға құқылы. Қауымдастықтың (одақтың) атауында «қауымдастық» немесе «одақ» сөздерімен қоса, осы қауымдастықтың (одақтың) мүшелері қызметінің негізгі мәні көрсетілуі тиіс.

Сізден қажет:

  1. жетекшінің жеке куәлігінің және көшірмесі;
  2. қауымдастық (одақ) қатысушыларының құрылтай құжаттарының көшірмелері.
whatsapp