Наши партнеры
Заң қызметтері
Апостильдеу және заңдастырудың ерекшеліктері

Апостиль және Қазақстанда құжаттардың заңдастырылуы

Апо́стиль (Apostille) — ресми құжаттарға қойылады және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қойған қолының туралығын және осы құжатқа басылған мөрдің түпнұсқалылығын куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль құжаттардың түпнұсқаларына, нотариаттық куәландырылған көшірмелерге, нотариаттық куәландырылған аудармаларға қойылады.

Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын алып тастайтын Конвенцияға (1961 жылғы 5 қазанда Гаагада жасалған) сәйкес Апостиль осы құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастыру қажеттілігінен босату мақсатында Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің ресми құжаттарына қойылады.

Бүгінгі күні Гаага конвенциясына қосылған мемлекеттер шынайылығына қандай да бір қосымша куәландыру талап етпей қатысушы басқа елдердің аумағында берілген, апостиль қойылған құжаттарды қабылдауға міндеттенеді.

Өзге жағдайларда құжаттың шынайылығын куәландыру үшін консулдықта заңдастырылуы керек. Апостиль Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (мекемелері), лауазымды тұлғалары немесе нотариустары ғана берген құжаттарға басылады.

Қазақстанда апостиль келесі құжаттарға басылмайды:

  • Қазақстан Республикасының шетелдегі консуль мекемелері немесе елшіліктері берген;
  • Коммерциялық немесе кедендік операцияларға тікелей қатынасы бар.

Қазақстанда апостильді басу үшін келесі құжаттарды беру қажет:

  • апостилдендеу талап ететін құжат;
  • азаматтың жеке куәлігі;
  • егер апостильді уәкілетті тұлға орындайтын болса, сенімхат;
  • мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.

Егер Сіз шетелде тұратын болсаңыз, онда Қазақстан аумағында берілген құжаттарға апостиль мөртабанын басу үшін біздің қызметімізді пайдалана аласыз. Сізден талап етілетіндер: апостильдеуді қажет ететін құжат және Сіздің құжаттарыңызды апостильдеумен айналысатын біздің қызметкерлеріміздің атына сенімхат. Сізге электронды пошта арқылы сенімхаттың үлгісін жібереміз. Апостильденген құжатты біз Сіз көрсеткен мекенжайға әлемнің кез келген еліне жедел поштамен жібере аламыз.

whatsapp